Саясат

Тоқаев Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық канцлердің ведомствосына келді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын Германия Канцлері Олаф Шольц қарсы алды.

Германияға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Федералдық канцлер Олаф Шольцпен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.

Екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласты.

Президент пен Канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ жоғары деңгейде өтетін «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылады.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button