Қоғам

Кеңес Рақышев Қонаевтың көлігін сатып алған ба?

Кеше кейбір БАҚ таратқан ақпаратты Дінмұхамед Қонаев қоры жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Қордағылар кәсіпкер Кеңес Рақышев ешқашан бұл көліктің иесі болмағанын, керісінше оны қалпына келтіруге қаржылық қолдау көрсеткенін мәлімдеді.

Автокөлікте қозғалтқыш пен беріліс қорабы жөнделді, қазіргі уақытта машина толығымен жөнделді. Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор белгілі меценат Кеңес Рақышевке алғыс білдіреді, ол біздің қорға тұрақты негізде көмек көрсетеді, — делінген хабарламада.

Қонаев атындағы қор – Қазақстандағы алғашқы қоғамдық қорлардың бірі. Қорда Қонаевтың қызметіне байланысты және Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихындағы аса маңызды оқиғаларды бейнелейтін мәтіндік, электрондық және аудиовизуалды, фотоматериалдардан тұратын мұрағат жинақталған.

Қордың президенті – Қонаевтың немере інісі Эльдар Қонаев.

Фото: Қонаев атындағы қор

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button