Қоғам

20 миллионыншы сәбилерге қанша сыйақы берілетіні белгілі болды

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында туған 5 бала ресми түрде еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті

Еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанған бес балаға «Отбасы банк» 2 миллион теңгенің сертификатын береді. Ал «ҚазақМыс» оларға 1 миллион теңге сыйға тартады.

Бұдан бөлек, қоларбалар мен бэбибокстар және ерекше үлгідегі туу туралы куәліктер беріледі.

Фото: atr.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button