Қоғам

Қостанай облысындағы өрт: Орман шаруашылығының бұрынғы басшысы сотталды

Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Басаман» орман шаруашылығы мекемесінің бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Соттың баспасөз қызметі апелляциялық сатыда Әулиекөлдегі өрт бойынша іс қаралғанын мәлімдеді.

Қостанай қаласының №2 сотының 2023 жылғы 24 тамыздағы үкімімен «Басаман» орман шаруашылығы мекемесінің экс-басшысы Ж., ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен, яғни, абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық жасағаны үшін сотталған болатын. Ж. лауазымды тұлға ретінде ормандағы жұмыстарды жүргізу үшін ағаш кесушілерге карточкалық шотына ақша аударуды бұйырған. Ол директор лауазымында мемлекеттік ағаш дайындаушылар бригадаларын таратып жіберіп, орман учаскелерін бөлу оның ағаш өңдеушілерге жасаған жиынтық актісіне сәйкес және тиісті ағаш кесу билеттерін бермей жүзеге асырылған. Бұл мән-жайлар сотта жауап алынған куәлардың айғақтарымен, 15 миллион теңгеден астам аударымдармен, арнайы маманның мемлекетке жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам залал келтірілген деген қорытындысымен расталады.

Заңсыз ағаш кесу фактілері Әулиекөл аудандық сотының сот актілерімен анықталды. Ағаш кесушілердің айғақтары, банктік аударымдар және заңды күшіне енген сот актілері Ж.-ның ағаш кесушілерден ақшалай қаражат алуы мен заңсыз ағаш кесуінің арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайды. Ормандарды қорғау туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес Ж., орман шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру және басқарумен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді (ағаш кесу және орман билеттерін беру) ұйымдастырады.

Сот ағаш кесушілердің әрекеті үшін жауапкершілікті ағаш кесушілерді учаскелерге билетсіз жіберген орман шаруашылығының басшысы көтеруі керек деп тапты. Ж. өрт қаупі бар кезеңде орманда жұмыс істеуге тыйым салынғанын біліп, заңсыз ағаш кесуге жол беріп, ауыр зардаптарға әкеп соққан. Оның заңсыз рұқсатымен ағаш кесушілердің орманда жұмыс істеуі салдарынан 2022 жылдың 2 қыркүйегінде ірі көлемде өрт шыққан. Осылайша, ағаш кесушілерге өрт қауіпті кезеңде мемлекеттік орман қорында жұмыс жүргізуге рұқсат беру арқылы Ж. ағаш кесушілер үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы, яғни өзінің қызметтік өкілеттіктерін ашық түрде асыра пайдаланған. Сот алқасы Ж.-ның қылмысты жасаудағы кінәсі дәлелденіп, оның әрекеті ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен сараланған деген қорытындыға келді, – делінген сот ақпаратында.

Жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау кезінде сот алқасы сотталған адамның жеке басын, жасалған қылмыстың ауырлығын, жеке және заңды тұлғаларға материалдық зиян келтіру ғана емес, сонымен бірге қоршаған орта мен жануарлар дүниесіне зиян келтіру түріндегі зардаптарды, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуы және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың болмауы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 52, 55-баптарының талаптарын ескерді.

Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, жаңа айыптау үкімін шығарып, Ж. ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Азаматтық талапкер – жәбірленуші: жеке тұлғалар, «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» ММ және ал мемлекет мүддесі үшін талап қойған прокурор талапты қанағаттандыру құқығын мойындап, оның мөлшері туралы мәселе азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарау үшін сотқа берілді. «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды, – делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.

Фото: aikyn.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button