Сұхбат

«Билікке сүмірейіп тұратын Ринат Зайытов сияқты адам керек»: Бекболат Тілеухан депутатты сөгіп салды (ВИДЕО)

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бекболат Тілеухан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында билікке қандай адамдар баратынын айтты, деп жазады Qazaqinfo.kz.

Оның сөзіне қарағанда, «билікке полицейлердің алдында судан шыққан сарышұнақ құсап сүмірейіп тұратын Ринат (Зайытов — ред.) сияқты» адам керек.

Билікке өте «дерзкий» адамдарды әкелмейді. Жасарал Қуанышалиндер, қорқынышты, өте «дерзкий», Арон Атабаевтар (Атабек — ред.) қорқынышты, айтқанынан қайтпайды. РОВД-ға кіргізіп, ішінен 10-15 минут «дік-дік» еткізсең, судан шыққан сарышұнақ құсап сүмірейіп тұратын Ринат сияқты адам керек билікке. Шындап қысып жібергенде сүмірейіп шыға келетін адам керек. Бір қарағанда қайратты болуы мүмкін, бірақ шындап қысып жібергенде құйрығын екі бұтының арасына қысып алып қашатын адам керек. Ринат тізерлеуімен мынамен жұмыс істеуге болады дегенін көрсетті. Қазір кім исламға тиіссе, сол жұртқа ұнайды. Ақырында «Ыбырай сұмырай» деп аяғы аспаннан келді. Ыбырай сұмырай емес. Ыбырай — мұсылманшылықтың тұтқасын алғаш жазған адамдардың бірі, — дейді Бекболат Тілеухан.

Фото: dalanews.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button