Қоғам
Сот Қайрат Сатыбалдының мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады
![](https://qazaqinfo.kz/wp-content/uploads/2023/12/zhdzh-780x470.jpg)
Шығыс Қазақстан облыстық соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарап, қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Сот сотталушының тәртіп бұзушылығы мен тұрақсыз мінез-құлқы бар екенін, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді.
Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз, – делінген сот хабарламасында.
Былтыр сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.