Қоғам
Бұрынғы сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған шымкенттік қамауға алынды
Шымкентте бұрынғы сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Шымкенттік әйел бұрын өзімен бірге тұрған ер адамның қорқытып жүргенін айтып, полицияға арызданған. Айтуынша, ер адам одан интим видеоларын интернетке жарияламау үшін 20 мың доллар талап еткен.
Қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні 2 млн теңге алып жатқан жерінен ұстады.
Бұл дерек бойынша тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция мұндай жағдай болса, бірден хабарласуға кеңес береді.
Фото: polisia.kz