Елорда

Астанада жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды

«Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қабылдау 20 желтоқсан сағат 09:00-ден 28 желтоқсан сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
Құжаттарды қабылдау тек qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.
Бұл бағдарламаға Астана қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұрған төмендегі санаттағы азаматтар қатыса алады:

жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

жасы бойынша зейнеткерлер;

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

қандастар;

экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

көпбалалы отбасылар;

мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

толық емес отбасылар.

Өтініш беру үшін қажет құжаттар:
1.

ЭЦҚ кілті;

2.

отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3.

балалардың туу туралы куәліктерінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (бар болса);

4.

неке қию/бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 формасы/ қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);

5.

жылжымайтын мүлікті белгілейтін құқықтық құжаттарының сканерленген нұсқасы (бар болса);

6.

мүгедектік туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button