Қоғам

Қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Заңмен енгізілген маңызды жаңашылдықтың бірі дактилоскопиялық тіркеу туралы ережелер болып саналады. Мысалы, «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңның 2-тарауында Қазақстан азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда Қазақстан азаматтарын міндетті дактилоскопиялық тіркеу туралы нормалар белгіленген болатын.«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңның 39-бабымен 2-тараудың қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған, — деп жазылған заңның қорытындысында.

Заңға сәйкес, енді қазақстандықтар саусақ ізін тапсыруға міндеттелмейді.

Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Заңға сәйкес дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алуға Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке өзінің жүгіну талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны басқа адамдарға берілген сенімхат негізінде нақты орналасқан жері бойынша жасай алатын», — деп жазылған заңның қорытындысында.

Дауыс беру нәтижесінде Сенат депутаттары заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Фото: Sputnik/Илья Питалев

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button