Қоғам

Аса ірі көлемде салық төлеуден жалтарған күдікті Камеруннан экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулының көмегімен аталған елден Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңгеден астам салықтар төлеуден жалтарды деген күдікке ілінді. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Биыл маусымда ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, Камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button