Қоғам

Қуандық Бишімбаевтың әкесі журналистердің үстінен шағым түсірді

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев журналистердің үстінен Ішкі істер министрлігіне шағым түсірген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Полицияға арыз түсті, ол қазір қаралуда, — деп жауап берді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, жақында белгілі болғандай, полиция өлтірілген қыздың денесіне 12 сараптама тағайындады.

Уәлихан Бишімбаевтың айтуынша, қоғамдық пікірді бұрмалау оның ұлының ісіне қажетті тергеу шаралары мен сараптамалар жүргізілмей, одан да ауыр айыпқа ауыстырылуына әсер етті. Бұрынғы министрдің жанұясы Салтанат Нүкенованың отбасы сараптама мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарына араласып, қысым көрсетіп отыр деп есептейді.

Фото: ernur.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button