Түркі Әлемі

Сыр елі – Түркі мәдениетінің алтын қазығы

Мәдениет — ұлттың мәйегі. Осы сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұрғандай. Биыл облыс мәдениетіндегі жемісті жетістіктер, толағай табыстар жетерлік. Жыл басынан бері аймақта бірнеше мәдени нысанның ел игілігіне берілуі салаға ерекше серпін берді.

Отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру және заманауи қазақ анасының бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Анаға тағзым» және «Отбасы орталығы» мәдени құнды нысандары пайдалануға берілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» өз алдына кәсіби ұжым ретінде қайта құрылды, мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға арналған «Арман» инклюзивті театры іске қосылды. Биыл мәдениет саласындағы тағы бір үлкен жетістік — классикалық өнерді дамыту, көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну мақсатында облыстық филармонияда кәсіби музыканттардан симфония оркестрі жұмысын бастады. Облыстық жыраулар үйін ашу қолдау тапты.

Сондай-ақ, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған арнайы «Тұран» сыйлығы алғаш рет табысталып, облыс мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра сыйға берілді.

Облыс орталығында 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында демеушілер есебінен жоба құны 4,8 млрд теңге тұратын 650 орындық музыкалық колледж бой көтереді.

Биыл аймақ басшысының қолдауымен облыстың мәдениет саласындағы 13 маман шет елдерде біліктілігін арттырды. Облыстық филармонияның солистері қазан айында Италия мемлекетінің Анкона қаласындағы Озимо опера академиясында біліктілігін арттырса, қараша айында театр, филармония және халық шағармашылығы орталығының шығармашылық және техникалық мамандары шеберлік дәріске қатысу үшін Беларусь Республикасының Витебск қаласына іссапармен барды. Араға 17 жыл салып, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласында гастрольдік сапары ұйымдастырылып, шығармашылық сапар аясында театр репертуарындағы 4 үздік қойылым алматылық көрермендерге ұсынылды.

Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Астана қаласында Өнер күндері жоғары деңгейде өтті.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button