Қоғам

Бекболат Тілеухан белсенді болып кетті

Соңғы уақытта экс-депутат Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде белсенді болып кетті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бекболат Тілеухан әлеуметтік желілерде белсенді бола бастады. Оның шығарылымдарын тарату үшін бір топ адам жұмыс істейді. Оның сөздері адасқан әрі қараңғы адамдарға ғана өтеді. Өкінішке орай, олардың саны аз емес. Тілеухан – белгілі нәрселерді дәстүр мен тәлім-тәрбие арқылы бүркемелеп соға беретін нағыз манипулятор, — деп жазады саясаттанушы @selteyev_view телеграм арнасында.

Сондай-ақ, саясаттанушы қоғамда «инфосығандар» көбейіп кеткеніне алаңдаулы.

Қоғамда құндылық дағдарысы мен ұлттың білімі мен түсінігінің төмендеп кеткені әрине ойландырады. Инфо сыған тектестер тым көбейіп кетті. Қазіргі қалыптасқан ахуалға барлығымыз кінәліміз. Мұны түзетуге санаулы адамдардың ғана шамасы келеді. Қаласа істей алады. Сау ақылдың қараңғылықты жеңетіні анық, — деп аяқтайды ойын Селтеев.

Еске салсақ, Бекболат Тілеухан қазір Түркияның Стамбул қаласында тұрады. Қаңтар оқиғасынан кейін елден көшіп кетті. Қанды оқиғадан екі апта бұрын Мәжілістегі депутат мандатын өз еркімен тапсырған.

Қазіргі лауазымы Бүкіләлемдік этноспорт конфедеациясының вице-президенті. Түркия президентінің ұлы – Біләл Ердоған басқаратын бұл ұйымға Қазақстан 2019 жылы алғашқы толыққанды мүше ретінде қабылданған. Ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше болып отыр.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button