Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың барлық бағыттарында шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Республикалық маңызы бар жолдардың барлық бағыттарында шектеулер алынып тасталды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін екі облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген болатын. Шектеу қарлы боранға байланысты көліктердің барлық түрлеріне қатысты болған.
Фото: aikyn.kz