Аймақ
Алматыда ұлттық университеттердің бірінде 43,8 млн теңге ұрланған
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 43,8 млн теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін тексеру қорытындысы бойынша жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құрайды, тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізуде.
Сонымен қатар, прокуратура университетке тиесілі 7,9 миллион теңгеге коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық фактілері анықталды, делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Медеу ауданының Полиция бөліміне тапсырылды.
Фото: ашық дереккөз