Елорда

Астанада адам ұрлап, өзгенің дүние-мүлкін иеленгендер анықталды

Астанада өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған төрт тұрғын адам ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановтың әрекетін әшкереледі.

Олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген, — делінген Антикор хабарламасында.

Топтың барлық қатысушысы сот санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, — деп ескертеді ведомство өкілдері.

Фото: mail.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button