Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев теміржол вокзалының жөндеу жұмыстарымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаевпен бірге қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалына барды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Тарихи ғимаратты қайта жаңғыртуға «Қазақстан Темір Жолы» компаниясынан 322 млн теңге және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 255 млн теңге қаржы бөлінді.

Эскиздік жобаға сәйкес ғимараттың сыртқы бетіне травертин плиталарын монтаждау, шатырын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустарды, суағарды, су, кәріз және жылу жүйелерін жөндеу, қала жақ бетін көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ішкі бөлмелеріне жөндеу жасалды.

Вокзал

Мұнан бөлек, 2 жолаушылар платформасына жаңадан асфальт төселіп, төрт көзді 10 жарық шам орнатылды.

Екінші ғимарат та әдемі кейіпке еніп, әкімшілік ғимаратының сырты әрленді, есіктері ауыстырылды, 200 шаршы метр шатыры жөнделді. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен перрон және автотұрақ асфальтталып, жарық шамдар қойылды. Оған қоса вокзал маңындағы нысанның сыртқы қасбеті қапталды.

Вокзал

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button