Қоғам

Бишімбаев ісі: Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық Полиция департаменті С.Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, — деп мәлім етті министрліктен.

Сонымен қатар ведомство «Гастроорталық» директорына қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстарының да аяқталғанын атап өтті.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады, — деп нақтылады ведомстводан.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Қайғылы оқиға елордадағы «Бау» мейрамханасында орын алды.

Фото: instagram.com/advokatzhanna

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button