Әр түрлі
Шетелден әкелінген 304 мың автокөлік заңдастырылды
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, осы күндері мемлекет абсшысының тапсырмасы бойынша елімізге шетелден былтырғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкеленген автокөліктерді заңдастыру жұмысы одан әрі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Заңдастыру аясында барлығы 304 мыңнан астам автокөлік Қазақстанның номерін алып, тіркелді. Оның ішінде 21 мың автоконструктор мен 55 мың автокөлік уақытша есепке алынды.
Енді әлі күнге дейін заңдыстырылмаған шетелдік автокөліктер техникалық және экологиялық талаптарға сәйкес барлық төлемдерді төлеп, тіркеле алады. Ал егер автокөлік иелері көліктерді тіркеуді үлгермесе немесе тіркегісі келмесе белгіленген тәртіпке байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Фото: egemen.kz