Қоғам

Соңғы үш жылда шетелдіктер Қазақстаннан қанша бала асырап алды?

Бас прокурор Берік Асылов сенат депутаттарына берген жауабында осы мәлімет келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құзырлы орган не дейді?

2021-2023 жылдар аралығындағы сот есептеріне сəйкес, республика соттары шетел азаматтарының қазақстандық балаларды асырап алу туралы 12 талап арызын (2021 – 3, 2022 – 8, 2023 – 1) қарап, қанағаттандырды, – делінген жауапта.

Прокуратура осы сот актілеріне апелляциялық өтінішхаттар, кассациялық тəртіппен наразылықтар келтірмеген. Өз құзыреті шегінде құзырлы орган басқа ақпаратты бермейді.

Қазақстанға есеп беріп тұрады

Неке және отбасы туралы кодекстің кодекстің 86-бабына сəйкес, Қазақстан шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар жəне шетелдік бала асырап алушылар елдегі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда əрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары — жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тəрбие жағдайы жəне денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті. Ол мәліметті шетелдіктер Қазақстанның шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады. Асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тəрбие жағдайлары туралы жəне денсаулық жағдайы туралы есепті ұсыну тəртібі мен мерзімдерін, нысанын Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді.

Еске сала кетейік, Ұлысмедиада жаңадан басталған Qaraqoz жобасында алғашқы тақырыптардың бірінде дәл осы шетелдегі қазақ балаларының тағдыры жайлы сөз қозғалған еді. Журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсемізоваосы жөнінде кең молынан ойын айтқан болатын.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button