Әлем
Израиль Сирияға тағы да соққы жасады
Бүгін, 21 ақпанда Израиль әскері Сирия астанасы Дамасктің оңтүстік-батысындағы Кафр Соуза аймағына шабуыл жасады. Бұл туралы SANA ақпарат агенттігі хабарлады.
Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 9:40-та Израиль басып алған Сирияның Голан аймағына бірнеше зымыранмен әуе шабуылы жасалып, Кафр Соуза маңындағы тұрғын үйлер нысанаға алынды, – делінген хабарламада.
Дереккөз шабуылдан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы біреуі жараланғанын айтты. Сонымен қатар, нысанаға алынған ғимарат пен көршілес кейбір құрылыстарға материалдық шығын келтірілген.
Фото: РИА Новости