Аймақ
Қарағандыда күдікті мемқызмет көрсету саласында киберқылмыс жасаған
![](https://qazaqinfo.kz/wp-content/uploads/2024/02/waaaa-780x470.webp)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Тінту кезінде одан 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.
Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден асады.
Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
Фото: ҰҚК