Денсаулық
Көктемде қандай дәрумендер ішкен пайдалы?
Көктемде адам ағзасына дәрумендер қажеттілігі бірнеше есе артуы мүмкін, деп хабарлайды EL.kz.
Дәрігерлер С дәрумені, D дәрумені, сондай-ақ А дәрумені, Е дәрумені, В1, В2 дәрумендері және РР дәруменіне назар аудару керектігін айтады. Кез келген дәріханада сатып алуға болатын дәрумендік кешен туралы ұмытпаған жөн.
Алайда пайдалы кешенді өздігінен қабылдауға болмайды. Оларды қабылдамас бұрын дәрігермен міндетті түрде кеңесу керек.
Дәрумен тапшылығы болдырмау үшін теңіз балығы, кептірілген жеміс пен жаңғақтар жеген дұрыс дейді дәрігерлер. Сонымен қатар, қырыққабат бен сәбіздің де пайдасы мол.
Фото: CC0/Silvia