Аймақ

Түркістан облысында балабақша аспазы баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

Балабақшаға екінші күн барған баланы аспаз ұрып-соққан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Видеоны elitar.kz Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Видео авторы оқиға Түркістан облысында болғанын айтады. Ал баланы аспаз ұрып-соққан деген болжам бар.

Бұл – Түркістандағы балабақша. Баланың балабақшаға барғанына тек екі күн болған, оның әлі үйренбегені түсінікті ғой, жылаған болуы мүмкін. Бірақ бұл оны осылай ұру керек дегенді білдірмейді. Аспаз ұрып-соққан. Ал бұл кезде тәрбиешілер мен күтушілер қайда болған?! — дейді автор.

Бұл оқиғаға қатысты әзірше ресми ақпарат айтылмады.

Фото: Zakon.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button