Qazaq-тың ақшасы

Ақмола облысында шенеуніктер үш жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігі лауазымды тұлғаларының 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алынғанын анықтады.

Бұл факті бойынша Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде жымқыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – делінген хабарламада.

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button