Қоғам

Самат Әбіш қайда жүр?: Бас прокуратура пікір білдірді

Қазіргі кезде ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Қазақстанда жүр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Мен тек істің сотта қаралып жатқанын білемін. Ол – Қазақстанда. Ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат алынған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатқандықтан оның мәртебесі сотталушы болуы мүмкін, – деді Әсет Шындалиев.

Ол қылмыстық істі тергеуде мемлекеттік құпия барын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша («Билікті немесе лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғаған еді.

Еске салсақ, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтарға дейін ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button