Қоғам
Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз, – деді Президент.
Сондай-ақ Тоқаев ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды екенін айтты.
Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе, қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді.
Фото: Ақорда