Экономика

Қазақстанда бюджет тапшылығы 30,5 %-ға өскен

Қазақстан Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтынада ЕЭО мүше елдердің  бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызына қатысты есеп жарияланды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда Қазақстанда бюджет тапшылығы 30,5 %-ке өссе, Арменияда 5,2 %-ке өссе, ал Ресейде 2,0%-ке артты.

Қазақстан мен Ресейдегі бюджет тапшылығын жабу үшін ақшаның басым бөлігі ұлттық қорлардан алынды. Мемлекеттік қарыздың көлемі бір жылдың ішінде Арменияда 14,6%, Қазақстанда — 7,3%, Қырғызстанда – 17,1% өскен. Армения мен Қырғызстанда мемлекеттік қарызда сыртқы берешек басым болса, Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз артып отыр.

Биылғы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) көрсеткіш керісінше азайды.

Фото: kursiv.media

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button