ШҚО-да аудан әкімдігі ресейлік көлікті 2 есе қымбат бағаға алмақ болған
Шығыс Қазақстан облысындағы аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы автокөлікті нарықтағы құнынан 2 есе қымбат бағаға сатып алмақ болған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өткен жылы «Дарын» мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 16 миллион теңгеге «Лада Гранта» автокөлігін сатып алмақ болған. Ал бұл көліктің ең төменгі нарықтық бағасы – шамамен 6 миллион теңге.
Мәселені қарау кезінде бұл сатып алу толығымен тоқтатылды. Біз мемлекеттік сатып алулар порталына тұрақты түрде мониторинг жүргіземіз. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтауға, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен жұмсауды жоюға мүмкіндік береді, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Денис Шәкенов.
Фото: Lada