Қазақстанның қай өңірінде баспана бағасы айтарлықтай өсті
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда (2024 жылғы ақпанда 2023 жылғы ақпанға қарағанда) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 3% өсті, ал пәтерлерді қайта сату бағасы 3,3% төмендеді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы ақпанда 2,9% жоғарылады.
Бір айдың ішінде (2024 жылғы қаңтарға қарағанда 2024 жылғы ақпанда) жаңа тұрғын үйді сату – 0,4%, ал пәтерлерді қайта сату 1,7% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі ақпанда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% төмендеді.
2024 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 534 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 017 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 517 мәміле жасалды. 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (31 713) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7% азайды. Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (6434 – 21,1%) және Астана (5882 – 19,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2297 – 7,5%) көш бастап тұр.
2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Павлодар (+17,1%), Шығыс Қазақстан облыстарында (+15,2%) және Шымкентте (+10,1%) тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу, көш бастағанына қарамастан Алматы қаласында (-22%), Ұлытау (-8,7%) және Абай облыстарында (-8,3%).
2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайды. 2024 жылдың ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды, бұл жалпы мәмілелер санының 80,3%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың ақпанында олар бойынша 9 167 мәміле ресімделген.
2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәмілелер саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды. Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды. Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында тіркелді.
2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті айымен салыстырғанда 26,6%-ға көбейген, ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын. Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді, ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7% болды. Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді. 2024 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.
Фото: Egemen.kz