Қоғам

Кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың экс-күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алматы полиция департаменті бұл жайтты растады. Сонымен қатар, суицид болғанын мәлімдеді.

Осы дерек бойынша «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр, — деді полиция.

2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан еді.

Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған. Ол 39 жаста болды.

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кейбір мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.

Еске салсақ, бұған дейін кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің пәтерден өлі күйінде табылғанын жазған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button