Аймақ

Алматы әкімдігі крематорий құрылысын жүргізген мердігерді сотқа берді

Алматы әкімдігі крематорий құрылысын белгіленген мерзімде және толық аяқтамағаны үшін мердігер компанияны сотқа берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мердігер жұмысты белгіленген мерзімде аяқтаған жоқ. Шартта көрсетілген талаптар орындалмады. Егер нысанның бекітілген қабылдау актісі болмаса, оның жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына және онда көрсетілген міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жауапсыз қатысушы деп тану және жергілікті бюджетке тұрақсыздық айыбын өндіру туралы арыз берілді, — деп хабарлады әкімдіктен.

Айта кетейік, ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған болатын.

Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.

Фото: gov.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button