Найзағай, нөсер жаңбыр, тұман: 22 наурызда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 22 наурызда елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, жауын-шашын жауатынын және көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні секундына 15-20, түнде облыстың тау асуларында 23-28 метрге жетеді.
Шымкентте кей уақыттарда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады, тұман түседі.. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.
Фото: egemen.kz