Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалған
Алдымен әлеуметтік желіге тараған ақпаратты кейін ресми орган растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде болған. Әлеуметтік желіге тарап, кейін ресми орган растаған ақпаратқа қарағанда, №86 мектептің 9-сынып оқушысының аяғы ауыр болып шыққан. Қыз баланың жағдайын әуелі мұғалімдері байқаған. 38 жастағы келіншек өзінен 20 жас үлкен күйеуінің бұрынғы некеден туған қызын зорлап жүргенін білмеген. Күдікті ретінде 58 жастағы өгей әкесі қамауға алынғаны жөнінде ақпарат бар.
Жоғарыдағы келеңсіз жағдайдың орын алғаны, өкінішке қарай арнайы мамандардың анықтауымен расталды. Бүгінгі таңда, оқушы қыз бен анасы және өгей әкесі барлығы арнайы тексеруден өту мақсатында облысқа жеткізілді. Күдікті азаматпен кешегі күннен бері аудандық құқық қорғау органының мамандары жұмыс жасауда, — деп хабарлайды Шалқия кенті әкімінің аппараты.
Фото: Stan.kz