Ақтөбе облысында әйел аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан
Желіде Ақтөбе облысында аязда баланы жартылай жалаңаш көшеге алып шыққан әйелдің видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғындары аязда баланы жартылай жалаңаш далаға алып шыққан әйелдің әрекетіне шағымданды. Әйелдің өзі қыстық киім киіп алған ал баланың үстінде футболка мен іш киім ғана.
Видеода жанынан өтіп бара жатқан әйелдің “қатып қалатын болды ғой” дегеніне әйел «қатып қалсын” деп жауап берген, – дейді желідегі куәгерлердің бірі.
Біреулер балаға деген мұндай көзқарасты қатыгездік деп бағаласа, енді бірі тиісті органдардан жағдайды тексеріп, әйелді жазалауды талап етті.
Видеодағы әйелдің Әлмира Назарова екені белгілі болды. Ол адамдарды прокуратураға арыз жазамыз деп қорқытқан.
Оны ешкім көшеге шығарып жіберген жоқ. Бала қашып кеткен жерінен ұсталып, үйіне жеткізілді. Ешкім сіздің пікіріңізді сұрамады, — деп жазды Альмира Назарова.
Ал Хромтау полициясы бұл ақпарат тексерілетінін мәлімдеді.
Фото: видеодан скрин