Үкімет

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Камалов Рамиль Фаткулович Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол – 1976 жылы Торғай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Ақмола облыстық ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №84 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бастады.

  • 1998 жылы Ақмола облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі №19 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері болып жұмыс істеді.
  • 1998-1999 жылдары – Астана қаласы МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.
  • 1999-2005 жылдары – Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалы өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы, өрт сөндіру тобының бас маманы.
  • 2005-2006 жылдары – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.
  • 2006-2014 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы, бастығы.
  • 2014-2016 жылдары – ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.
  • 2016-2017 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
  • 2017-2023 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
  • 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы.

Фото: Үкімет

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button