Әлем

Қырғызстанда мүфтият қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салды

Қырғызстанда мүфтият қайтыс болған адамның үйінде бастапқы үш күнде мал сойып, ас беруге тыйым салды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Олар мұны ысырыпшылдықпен күрес деп түсіндірген.

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне қарағанда, Ислам шариғаты бойынша қайтыс болған адамды жерлеген үйде үш күнге дейін жоқтау айтылып, туған-туыс пен көрші-қолаң оларға көңіл айтады.

Олар мал соймайды, тамақ бермейді. Қайғылы жағдай болған үйдің көршілері осы үйдегі адамдарға көңіл айтып, ал туыстары тамақ әкеледі. Бұл – көршілер мен туыстардың міндеттері, — деп мәлім етті ҚМДБ.

Мүфтият марқұмның артында жас балалар қалуы мүмкін екенін, мұндай жағдайда жерлеу рәсіміне келушілер үшін мал сойып, тамақ беруге тыйым салынатынын айтады.

Фото: e-history.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button