Қоғам

Қорғаныс министрінің орынбасары сұраққа қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов Сенат брифингінде журналистердің сұрағына қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

Журналистер брифинг барысында Сенатта талқыланған резервтегі қызмет жайлы сауал қойған. Вице-министр конституциялық құқығы барын алға тартып, сұраққа орыс тілінде жауап берген.

Әскери қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады. Мен конституциялық құқығыма сәйкес қай тілде жауап беруді таңдасам, сол тілде жауап бере аламын. Сонымен қатар жиын өткізген кезде азаматтар барлық әскерилер секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Оның ішінде тамақпен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар мен медициналық қамтамасыз ету бар, – деді Камалетдинов.

Вице-министрдің сөзінше, аталған заң жобасы елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды.

Фото: kstu.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button