Үкімет
Қазақстанда БАҚ қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін

Бүгін Үкімет Мәжіліске жаңа Салық кодексінің жобасын таныстырды. Жаңа өзгерістерге сай, қосымша құн салығынан босап, жеңілдік алатын салалардың арасында бұқаралық ақпарат құралдары да бар, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен саласын ҚҚС төлеуден босатып, фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС мөлшерлемесін 10% деңгейінде белгілеп, қосылған құн салығын мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру ұсынылады, — деп жазылған талқыланып жатқан Салық кодексінде.
Фото: gov.kz