Әлем

Трамп ағылшын тілін АҚШ-тың ресми тілі деп жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет ағылшын тілін федералды деңгейде ресми тіл деп тану туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz BBC-ге сілтеме жасап.

АҚШ тарихында барлық негізгі құжат, соның ішінде Конституция мен Тәуелсіздік Декларациясы ағылшын тілінде жазылғанымен, елде ешқашан заң шығару деңгейінде мұндай ресми тіл болған емес. Ағылшын тіліне ресми мәртебе беруді жақтайтын ProEnglish тобының мәліметінше, ағылшын тілі АҚШ-тың 50 штатының 32-сінде ресми тіл ретінде танылған.

Ағылшын тілін Америка Құрама штаттарының ресми тілі ретінде тану қажеттілігі бұрыннан бар, — делінген Жарлық мәтінінде.

Ол сондай-ақ АҚШ-та 350-ден астам тіл қолданылатынын мойындағанымен, ортақ тіл «ұлттық бірлікке ықпал ететінін» айтады.

Үкіметтің 2019 жылғы деректеріне сәйкес, АҚШ-тың 68 миллионға жуық тұрғыны үйінде ағылшын тілінде сөйлемеген. Олардың көпшілігі өзге тілді қолданған. 40 миллионнан астам тұрғын испан тілінде сөйлесті деген дерек бар.

Трамп өзінің жаңа бұйрығымен 2000 жылғы Билл Клинтонның федералды агенттіктер мен федералды бюджеттен көмек алатын барлық ұйымды ағылшын тілін білмейтін азаматтарға аудармашылық көмек көрсетуді талап ететін бұйрығын жойды. Енді басқа тілдерде қызмет көрсетуді қалайтынын агенттіктер өздері шешеді.

Фото: AP Photo/ Evan Vucci

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button