Ұлттық құрылтай құрамында өзгерістер болды: Кімдер шықты, кімдер қосылды

Ақорда Ұлттық құрылтайдың құрамында ротация жасалғанын жария етті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Құрылтайдың құрамына жаңадан қосылған қоғам өкілдері:
Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ төрайымы;
Аманжол Әлтай, Мәжіліс депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы» ҚБ төрағасының бірінші орынбасары;
Сергей Пономарев, Мәжіліс депутаты;
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, NAC Analytica төрағасы;
Дания Қыдырбаева, Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ал Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев пен С. Досжанова ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан шықты.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысы наурыз айында Ақмола облысы Бурабайда өтеді.
Әзірше нақты күні әлі белгісіз.
Фото: Ақорда