Ақ үй Украинаға әскери көмек беруді неліктен тоқтатқанын түсіндірді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт брифингте Украинаға әскери көмектің тоқтатылуы «оны қайта қарау үшін үзіліс» екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Ұлттық қауіпсіздік кеңесі маған осы мәселе бойынша олар Украинаны қаржыландыруды тоқтатып, оны қайта қарастырып жатқанын айтты, өздеріңіз көріп отырғандай, бұл қайта қарастыруға алынған үзіліс, — деді Ливитт.
Ол болашақта көмек қайта жалғаса ма деген сұраққа жауап бермеді.
Сондай-ақ БАҚ өкілдері Ақ үйдің баспасөз хатшысынан Украинамен барлау жөнінде ақпарат алмасуды тоқтату туралы жаңалыққа түсінік беруді сұрады.
Барлау мәселелері бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінен немесе Орталық барлау басқармасынан сұрауға кеңес берер едім, — деді Ливитт.
Фото: Chris Kleponis/Keystone Press Agency/Global Look Press