Тоқаев Алматы әуежайында кепілдегі қызды құтқарған азаматты «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

Алматы әуежайында қарулы қылмыскерден қызметкердің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым марапатқа ие болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы әкімі Ерболат Досаев 52 жастағы Мұса Әбдірайымға «Ерлігі үшін» медалін табыстады. Сонымен қатар оған батыл әрекеті үшін ақшалай сыйақы берілді.
Ол пышақпен қаруланған қылмыскерді залалсыздандырып, Алматы әуежайының қызметкерін құтқарып қалған еді. Қаскүнем өзін жолаушы ретінде көрсетіп, тексеру аймағына кіріп, қызметкерді тұтқынға алған.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсеткен құрметі мен марапаты үшін алғысымды білдіремін. Елімізде әрдайым бейбітшілік, келісім және өркендеу болсын! – деді марапат иегері.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі