Әлем

АҚШ мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартып жатыр

АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлігі (HHS) өз қызметкерлеріне жұмыстан ерікті түрде шығу үшін 25 мың доллар өтемақы ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

CBS News телеарнасының мәліметінше, бұл бастама президент Дональд Трамп әкімшілігі жүзеге асырып жатқан мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып отыр.

Белгілі болғандай, ұсыныс 14 наурызға дейін жарамды, содан кейін өтемақы төлемдері тоқтатылады. Қазіргі уақытта ведомствода 80 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Фото: forbes.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button