Қоғам

«Үйдің ішінде лифт бар»: Танымал блогер су жаңа баспанасын көрсетті (ВИДЕО)

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков су жаңа зәулім үйін көрсетіп, мақтанды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Айта кетейік, бұған дейін желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын пәтерін ұтысқа тігіп, атыраулық келіншекке сыйлаған болатын.

Жаңа қоныс. Бәріңізге жұғысты болсын, – деп жазды блогер.

Көп ұзамай желі белсендісі достарын қонаққа шақырып, рум-тур жасады.

Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз, – деді блогер Разюша.

 

Желі қолданушылары блогердің зәулім үйін қызу талқылап жатыр.

“Үйдің бағасы – 800 миллион теңге екен”, “Лифт қоя салу Дархан үшін сәнге айналды”, “Бір-бірлеріңді таппай адасып қаласыңдар”, “Бәріміз 30 мың теңгеге курсын сатып алдық”, “Әр қазақтың үлесі бар”, “Қызына үй мен көлік берді. Құдай бұған да еселеп берген шығар”, – деп жазды көпшілік.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button