Санатсыз

Министрлік зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға тыйым салынбайтынын мәлімдеді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қазақстандықтарға зейнетақы қорында жиналған қаржыны шешіп алуға тыйым салу жоспары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу механизмі бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілді және қазір күшінде. Бүгінде ол екі бағытты қамтиды – тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін пайдалану. Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты – қартайған шақта табысты алмастыратын тиісті коэффициентпен қамтамасыз ету. Сондықтан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты тиімді инвестициялау және ынтымақты әрі базалық зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған параметрлік өзгерістер енгізу шаралары қабылданып жатыр, – деді ол Мәжілісте БАҚ өкілдерінің сауалдарына.

Вице-министрдің айтуынша, бұған дейін туындаған қаражатты мақсатты пайдалану, емдеуге жұмсалатын шығындар мәселелерімен Денсаулық сақтау министрлігі айналысып жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, алайда белгіленген параметрлер аясында ешқандай шектеулер енгізу жоспарда жоқ, – деді министрдің орынбасары.

Фото: tenrginews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button