Санатсыз

Жасыл экономика – болашақтың тұрақты дамуы

Жасыл экономика – экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өсу арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз ететін жаңа даму моделі. XXI ғасырдың басты трендтерінің бірі ретінде жасыл экономика ресурстарды тиімді пайдалануды, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге бағытталған. Бұл модель тұрақты дамудың негізгі элементтерінің бірі ретінде әлемдік және ұлттық саясатта ерекше орын алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.

Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 7-мақсат: «Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету» екенін алға тартқым келеді.

Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне жаппай қолжетімділік — бұл тек экономикалық мәселелерді ғана емес, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді де шешудің кілті.

Жасыл экономиканың басты мақсаты – табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологиялық шығындарды азайту, энергетикалық тиімділікті арттыру және экономикалық даму мен экологиялық тұрақтылықты бір уақытта қамтамасыз ету.

Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту – экономикалық құрылымды әртараптандыру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отырған кешенді шаралардың бірі. Ел үкіметі мен халықаралық ұйымдар тарапынан:

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту: Жел, күн және гидроэнергетика салаларын дамыту арқылы отын түрлерін әртараптандыруға баса назар аударуда;

Энергия тиімділігін арттыру: Өндірістік процестерді жаңғырту, энергия үнемдеу және инфрақұрылымды модернизациялау жобаларын жүзеге асыруда;

Экологиялық жобалар мен инновациялар: Экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы өнеркәсіптік өндірістің экологиялық ізін азайтуға бағытталған бағдарламалар іске асырылуда.

Жасыл экономика – экологиялық және экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әлемдік тәжірибе мен Қазақстандағы бастамалар көрсеткендей, жасыл технологияларды енгізу, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру елдің ұзақ мерзімді дамуына оң әсер етеді.

Мемлекеттік қолдау мен халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы жасыл экономика Қазақстанның экономикалық өсуі мен экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жасыл экономика – қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуде инновациялық әрі тиімді жол. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық таза технологияларды енгізу және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін болады.

Қазақстандағы жасыл экономика саласындағы бастамалар мен жобалар болашақ ұрпаққа таза және тұрақты орта қалдыруға бағытталған үлкен үміт береді.

К. Усеинова,

әл-Фараби атындағы ҚҰУ

Заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.,

Д. Орынбасар,

әл-Фараби атындағы ҚҰУ

Заң факультетінің 2-курс магистранты

Фото: mnepu-ras.ru

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Мұны да оқи аласыз
Close
Back to top button