Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды

Өнеркәсіп және құрылыс экс-министрі Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Шарлапаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы ақпарат KASE қазақстандық қор биржасының ресми сайтында жарияланды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», – делінген хабарламада.
Енгізілген өзгеріске сәйкес, енді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
— Олжас Бектенов – директорлар кеңесінің төрағасы, премьер-министр;
— Болат Жәмішев – «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры;
— Лука Сутера – «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры;
— Вонг Хэн Фай – «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры;
— Нұрлан Жақыпов – «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасы;
— Мұхаммед Жамиль Әл Рамахи – «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры;
— Қанат Шарлапаев – Президент көмекшісі.
Еске салсақ, 2025 жылдың 28 ақпанында Қанат Шарлапаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылып, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.
Фото: primeminister.kz