Санатсыз

Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Ақмола облысында ер адам 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.

Аталған факті бойынша 1ылмыстық кодекстің “16 жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

ПД тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта күдіктінің бұрын Қазақстан азаматы болған шетелдік екені айтылған.

Фото: elements.envato.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button