Санатсыз

ІІМ түрмедегі Кәрім Мәсімовтің денсаулығына қатысты пікір білдірді

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Мәсімовтің денсаулығы нашарлағаны жөніндегі ақпаратқа байланысты тілшілер сұрағына министр түсініктеме берді:

Оның жағдайы қалыпты. Жазасын өтеп жатыр. Өкілінің айтқан уәждері тексеріліп жатыр. Бүгінгі күнге ресми түрде айтарым – денсаулығы қалыпты. Ол сот белгілеген тәртіпке сай бас бостандығынан айыру орындарында отыр, – деді Ержан Сәденов.

Еске салсақ, 2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарған еді. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға насихаттады және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша кінәлі деп танылды.

Сондай-ақ бұған дейін Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енген болатын.

Фото: informburo.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button